Лиссабондағы ЕҚЫҰ саммиті
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев (сол жақта) және Сыртқы істер министрі Қ.К. Тоқаев (оң жақта) Лиссабондағы ЕҚЫҰ саммитінде
Президенттік мұрағаттан таңдаулы құжаттар.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев (сол жақта) және Сыртқы істер министрі Қ.К. Тоқаев (оң жақта) Лиссабондағы ЕҚЫҰ саммитінде
Президент республикалық белсенділер жиналысында Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы туралы баяндама жасады.
Қысқаметражды фильм отансүйгіштікке, азаматтық сананың қалыптасуына және тәуелсіз Қазақстанның жетістіктеріне арналған. Тарихи оқиғалар, мемлекеттік рәміздер және елдің түрлі салалардағы табыстары арқылы Отанға деген сүйіспеншіліктің, ұлттық бірліктің және мемлекеттің болашағы үшін жауапкершіліктің мәні ашылады.
Фильмде Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының отансүйгіштіктің мәні мен Қазақстанның дамуындағы жастардың рөлі туралы сұхбаттары берілген. Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетовтің ғарышқа ұшуының архивтік кадрлары, ұлттық валюта — теңгенің енгізілуіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері — Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Ту және Мемлекеттік Гимнге арналған материалдар пайдаланылған.
Жекелеген сюжеттер «Болашақ» халықаралық білім беру бағдарламасы, оның жоғары білікті мамандар даярлаудағы маңызы және әлемдік спорт аренасында елдің атын шығарған қазақстандық спортшылардың жетістіктері туралы баяндайды. Фильмде отансүйгіштік әрбір азаматтың Қазақстан Республикасының дамуы мен өркендеуіне үлес қосуға ұмтылуынан көрінетіні атап өтіледі.