«Бейбітшілік және келісім» деректі фильмі
Іс сипаттамасы
- Құжат түрі
- Бейнеқұжат
- Архивтік шифр
- Қ. 1. Рег. № 1476
- Тақырыбы
- «Бейбітшілік және келісім» деректі фильмі
- Күні
- 2016 ж.
- Жасалған жері
- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің кітапханасы
- Режиссер
- —
- Сценарий авторы
- —
- Басқа қатысушылар
- —
- Тілі
- Қазақ
- Ұзақтығы
- 7 мин. 30 сек.
- Бөлімдер саны
- 1
- Қолжетімділік
- Ашық
- Аңдатпа
-
Қысқаметражды фильм Қазақстан Республикасының ұлтаралық келісім, қоғамдық бірлікті нығайту, конфессияаралық диалогты дамыту саласындағы мемлекеттік саясатына және елдің халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысуына арналған. Фильмде Қазақстанның ел ішінде де, халықаралық аренада да бейбітшілік пен өзара түсіністікті нығайтудағы рөлі ашылады. Фильмде этносаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты сақтауға ықпал ететін бірегей институт — Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі баяндалады. Діни сенім бостандығы мен дінаралық диалог саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары, Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізу, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық келіссөздер мен бітімгерлік бастамаларға қатысуы көрсетіледі. Қазақстанның жаһандық қауіпсіздік пен ядролық қаруды таратпау режимін нығайтуға қосқан маңызды үлесі — Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы тарихи шешімге ерекше назар аударылады. Фильмде Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастығы және халықаралық саясат, қауіпсіздік пен орнықты дамудың өзекті мәселелерін шешуге қатысуы да көрсетілген.